«Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23/1 «Солтүстік Қазақстан облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 2/1 шешімі

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23/1 «Солтүстік Қазақстан облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 2/1 шешімі

 

ШЕШТІ:

1. «Солтүстік Қазақстан облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23/1 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Солтүстік Қазақстан облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 397 818 250,5 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 43 973 425 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1 444 278,4 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 081 мың тенге;

трансферттер түсімі – 352 397 466,1 мың теңге;

2) шығындар – 376 527 438,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 22 785 630,3 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 36 920 685,3 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 14 135 055 мың теңге;

4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 2 500 000 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 2 500 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 994 817,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 994 817,9 мың теңге:

қарыздар түсімі – 26 939 474 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 34 053 339,7 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 11 108 683,6 мың теңге.»;

мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

«10-1. 2023 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін, оның ішінде:

1) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.